Ағымдағы жылдың аяғына дейін сенат ел президентінің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың аяғына дейін сенат ел президентінің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіс

Ағымдағы жылдың аяғына дейін сенат ел президентінің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіс

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың аяғына дейін сенат ел президентінің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіс. Бұл туралы бүгін сенаттың үшінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысында сөз сөйлеген сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Қыркүйек 2006
  • 340
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі таңда ел президенті әкімшілік реформаларлы жүзеге асыру міндетін алға қойып отыр. Мемлекет пен қоғам тарапынан еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар жоспарын жүзеге асыруға қатысты ауқымды істер күтілуде»,- деп мәлімдеді Н.Әбіқаев.

Оның пікірінше, депутаттар «әлеуметтік-экономикалық реформаларлы табысты жүзеге асыруға қажетті» заң жобаларына қатысты жұмысқа басымдық беруге тиіс.

Н.Әбіқаевтың айтуынша, қазір сенаттың қарауында 13 заң жобасы жатыр, олардың бесеуі конституциялық заңдар. «Жылдың аяғына дейін біз президенттің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіспіз. Соның ішінде Еңбек және Экологиялық кодекстер бар. Сонымен бірге үкіметтің бастамсымен жобасы жасалған 70 заң қазір мәжілісте жұмысқа қабылданды»,- деді спикер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта