Ағымдағы жылдың басынан инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың басынан инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады

Ағымдағы жылдың басынан инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады

Ағымдағы жылдың басынан инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады.

  • 26 Шiлде 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы инфляциялық үдерістердің өсуін болдырмау екендігін баса айтқан ол: «Инфляцияның деңгейі ағымдағы жылдың басынан бастап 5,1 пайызды құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларына баға 2011 жылғы маусымда 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,0, азық-түлік емес тауарлар — 2,5, ақылы қызметтерге 4,1 пайызға ұлғайды», — деді.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 8,4 пайызды құраған. Оның ішінде азық-түлік тауарлары 12,6, азық-түлік емес тауарлар — 5,4 және ақылы қызметтер 6,2 пайызға өскен.

«Мемлекеттік органдар инфляцияға қарсы саясат шеңберінде бағаның өсуіне ықпал ететін факторлардың әсерін төмендету бойынша шаралар қабылдауда», — деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар