Ағымдағы жылы СҚО-ға тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылы СҚО-ға тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді

Ағымдағы жылы СҚО-ға тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді

Ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысына (СҚО) тұрақты қоныстануға оралмандардың 500 отбасы келеді, деп СҚО көшіқон полициясынан хабарлады.

  • 20 Шiлде 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

«48 отбасы көшіп келді де. Олар оралман мәртебесін алған 130 адам», — деді басқармадағылар.

Полицейлердің мәліметтерінше, Қазақстанға келіп жатқан оралмандар Ресейден, Өзбекстаннан, Монғолия, Қырғызстан және Қытайдан екен.

«Бүгіндері көшіп келгендердің басым көпшілігі Қызылжар ауданының Байтерек ауылына қоныстануда. Облыста 2008 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Нұрлы Көш» бағдарламасы аясында, бұрындары келген оралмандар баспана алуға 132 өтініш берді. Жыл басынан бері 92 отбасына (348 адам) жалпы сомасы Т92 млн болатын қосымша өтемақы мен төлемдер жасалды», — деп СҚО ІІД миграциялық полициясынан мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар