"Agip KCO" консорциумна қатысушылар Қашаған жобасы бойынша қол қойылған келісімдердің қорытындысына қанағаттанушылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Agip KCO" консорциумна қатысушылар Қашаған жобасы бойынша қол қойылған келісімдердің қорытындысына қанағаттанушылық білдірді

"Agip KCO" консорциумна қатысушылар Қашаған жобасы бойынша қол қойылған келісімдердің қорытындысына қанағаттанушылық білдірді

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" -"Agip KCO" консорциумна қатысушылар Қашаған жобасы бойынша қол қойылған келісімдердің қорытындысына қанағаттанушылық білдірді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, "ҚазМұнайГаз" және "Agip KCO" консорциумы арасында Қашаған жобасы бойынша қол қойылған келісімдердің қорытындылары жөнінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың ірі консорциумның қатысушылары болып табылатын әлемдік мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен кездесуінде 31 қазанда айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 630
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар Солтүстік Каспий жобасын одан әрі іске асыру мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан премьер-министрінің «Эни» корпорациясының бас атқарушы директоры Паоло Скаронимен кездесуінде тараптар келісімдердің нәтижесіне қанағаттанушылық білдірді, П. Скаронидің пікірінше, соның арқасында «Эни» компаниясы мен ҚР үкіметі арасында айтарлықтай жақын қарым-қатынастар орнаған, бұл осыған ғана емес, өзге де жобаларға жағымды әсерін тиігізетін болады».

Қазақстан премьер-министрінің «Эксон Мобил Девелопмент» президенті Нил Дафинмен кездесуі кезінде әңгімелесушілер әлемдік қаржы және шикізат рыногында қалыптасқан жағдайлар туралы пікір алмасты, сондай-ақ Солтүстік Каспий жөніндегі өнімді бөлісу келісімін одан әрі іске асыру және қол қойылғандарға байланысты мәселені талқылады.

«Ең маңызды қорытынды барлық тараптардың келіссөздер қорытындысына қанағаттанушылық білдіруі және жобаны одан әрі іске асыруды жалғастыру мүмкіндігінде болып отыр»,- деді Н. Дафин.

«Шелл» компаниясының атқарушы директоры Йерун Ван дер Вир премьер-министрмен кездесу барысында келісімнің қорытындысына ризашылығын білдірді, оның айтуынша, «оның мақсаты — футбол командасы тәрізді жеңіп шығу үшін жақсы ойнауға ұмтылатындай, Қазақстан үкіметі мен консорциум құрамына енетін компаниялардың арасында мұмкін боларлық ең жақсы қарым-қатынастар орнату».

Келісімнің қорытындысы және оны іске асырудың одан арғы барысы үкімет басшысының «Тоталь» компаниясының президенті Кристофор де Маржеримен кездесуі кезінде әңгіме тақырыбына айналды. Ол Қашағанды «өзіне қажетті пайда әкелетін көп миллардттық жоба» деп атады.

К. де Маржери премьер-министрге «Тоталь» Қазақстанның энергетикалық саласындағы өзге де жобаларды іске асыруға мүдделі екенін жеткізді, сондықтан да компания Астанада кеңсесін ашып отыр.

«Еш күдіксіз-ақ, Қашаған жобасын іске асыру тек еуропалық немесе азиялық экономикаға ғана емес, толықтай алғанда, әлемдік экономика үшін де үлкен мәнге ие»,- деп қорытты ол.

Одан кейін премьер-министр «КонокоФиллипс» компаниясының президенті Джеймс Малвамен кездесті. Оның айтуынша, «табысты келісімге қол жеткізу үшін барлық тараптардың атқарған жұмыстарына екі тарап та алғыс сезімдерін білдірді».

Бұдан басқа, әңгімелесушілер «КонокоФиллипс» компаниясының «Н» блогын игеруге қатысатын ниетін талқылады.

Кездесу соңында К. Мәсімов «Инпекс» компаниясының басшысы Кунхико Матсуомен кездесті. Ол өз кезегінде келісім жасасқан барлық тараптар үшін өзара тиімді табысқа жетуде айтарлықтай рөл атқарған премьер-министрге алғысын жеткізді.

Оның айтуынша, «консорциум керемет ұйым болып табылады және шағын акционерлер келісімді әзірлеу барысында барлық тараптың пікірлері ескерілгеніне қанағаттанушылық білдірген».

Бұдан басқа, К. Матсуо Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын тек мұнайгаз секторында ғана емес, уран өңдеу және қайта өңдеу саласында да дамытуды жалғастыру ниетін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар