Agip KCO Қашаған кенішін игеру бағдарламасы аясында қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған қоғамдық тыңдау өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Agip KCO Қашаған кенішін игеру бағдарламасы аясында қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған қоғамдық тыңдау өткізді

Agip KCO Қашаған кенішін игеру бағдарламасы аясында қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған қоғамдық тыңдау өткізді

Agip KCO компаниясы Ақтауда Қашаған кенішін тәжірибелік-өндірістік игеру бағдарламасының І және ІІ кезеңі жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалауға арналған матеиалдар бойынша консультативтік кеңес өткізді, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2004
  • 794
Фото - Caravan.kz

Тыңдау барысында Agip KCO компаниясының сыртқы байланыс бөлімінің менеджері Дэн Михаликтің атап көрсеткеніндей, бұл кеңестің мақсаты — қоршаған ортаға әсерді бағалауға арналған құжаттардың толық нұсқасын қоғамның сараптауына беру, соның ішінде теңіздегі технологиялық жабдықтар, жер бетіндегі нысандарды қазіргі бар экспорттық құбыр жүйесімен жалғастыратын жер бетіндегі технологиялық жабдықтар мен құбырлар бойынша құжаттарды сараптауға бағытталады.

Д.Михалик қоршаған ортаға әсерді бағалау процессінің барысын таныстырды. Оған әсерді бағалау, әсерді азайтуға бағытталған шараларды анықтау, экологиялық мониторинг жүргізу шараларын айқындау қамтылады. Қоршаған ортаға әсерді бағалау мәліметтеріне сәйкес, жұмыс аймағында экологиялық және әлеуметтік-экономикалық фон зерттеулері жүргізіліп, оған танымал қазақстандық және халықаралық ғылыми ұйымдар қатысты.
Д.Михаликтің айтуынша, қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттарда Солтүстік-Каспий жобасы шеңберінде аумағында өндірістік және инфрақұрылымдық нысандар салынатын аймақ тұрғындарының ескертпелері мен ұсыныстары ескеріледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметі Каспий теңізін табиғи қорық деп жариялаған. Ондағы кез-келген экономикалық әрекетке қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше экологиялық ахуалды ескере отырып рұқсат беріледі. Консорциум мамандары Каспий экологиясын зерттеуді бұрғылау жұмыстарынан әлдеқайда ертерек бастаған. Мұнда 1993-жылдан бері сейсмикалық және экологиялық зерттеулер, 1997-жылдан бері газды тақия деп аталатын мұнайлы-газды шоғырдың газды бөлігін анықтауға арналған геофизикалық зерттеулер мен топырақ ахуалын зерттеуге арналған геотехникалық зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ, қоршаған ортаның фондық ахуалына және оның маусымдық өзгерістеріне тұрақты экологиялық зерттеулер жүргізіліп, мұздық ахуал зерттелуде.
Бүгінде мамандар Қашағанды игеру барысында негізгі қиындықтар жылдың 4-5 айы бойы теңіз бетін мұз құрсап жататын табиғи ахуалдың қаталдығы мен судың саяздығына, учаскелердің экологиялық сезімталдығына, күрделі тау-кен геологиялық ахуалға, жоғары қойнауқаттық қысымға байланысты туындайды деген пікірде. Жалпы градуспен өлшеген тығыздығы 46° API болатын Қашаған мұнайының жоғары сапалылығына қарамастан, оның газдық факторы жоғары келетіндігімен және құрамында күкіртсутегі мен меркаптандар болатындығымен ерекшеленеді.
Қоғам өкілдерімен кездесуде Д.Михаликтің сендіргеніндей, Қашаған кенішін игеруде әлемдік тәжірибе аясында тексерілген және табиғат пен адамдарға зиян келтірмейтін «ең озық технологиялар» қолданылатын болады.
Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес, кенішті жалпы пайдалану мерзімі 40 жылды құрайды. Қашағанды тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасы үш кезеңмен жүзеге асырылады. Төрт жылға созылатын бірінші кезеңінде өндірістік нысандарды салып, құбыр тарту және тәулігіне 450 мың баррель мұнай өндіру көзделіп отыр. Бірінші кезеңде 9 млрд. доллар көлемінде инвестиция жұмсалмақшы.
Компания менеджерінің айтуынша, бірінші және екінші кезеңде тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру бағдарламасына сәйкес жылына 20 млн. тоннадан астам шикі мұнай өндіріледі. Өндірілетін ілеспе газдың тең жартысы теңіздегі ұңғыларға кері айдалып, екінші бір бөлігі жер үстіндегі кешенде өңделеді.
Қашаған кенішін игеру жобасының операторы болып табылатын Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді (1,5 млрд. тонна) құрайды.

Перейти к новостям спорта