Agip KCO Қашаған кенішінде коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастауды 2007-2008-жылдарда қолға алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Agip KCO Қашаған кенішінде коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастауды 2007-2008-жылдарда қолға алмақшы

Agip KCO Қашаған кенішінде коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастауды 2007-2008-жылдарда қолға алмақшы

Каспий қайраңындағы Қашаған кенішінде коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастау 2007-2008-жылдарда қолға алынбақшы. Бұл туралы бүгін, 25-ақпанда Agip KCO консорциумымен арадағы келісім шартына қол қою шарасынан кейін Астанада өткізілген қасқаша баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

  • 25 Ақпан 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Белгіленген жоспарға сәйкес, кеніштегі мұнай өндіру көлемі 2010-жылы 21 млн. тоннаны құраса, 2013-жылы бұл мөлшер екі есе артып, 42 млн. тоннаға, ал 2015-жылы 56 млн. тоннаға жетеді»,- деді Д.Ахметов. «Демек, біз Қазақстан мұнайлы алпауыт мемлекетке айналды деп ресми мәлімдеме жасай аламыз»,- деді үкімет басшысы.

Қашағанда коммерциялық мақсатта мұнай өндіре бастау мерзімі жайында қосымша келісімге қол қою «еліміздегі мұнай өңдеу саласын дамытуда жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді»,- деді үкімет басшысы. «Қол жеткізілген ұйғарым тараптардың көңілінен шығады»,- деді ол.
Журналистер сауалына жауап берген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің айтуынша, Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін кейінге шегеруге байланысты өтемақы «республикалық бюджетке тікелей аударылады, бірақ ол коммерциялық өндіріс басталғанға дейінгі мерзімге созылады».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс болатын. Алайда, Agip KCO Қашаған кенішінде мұнай өндіре бастау мерзімін 2007-жылға дейін шегеруге келісім беруге байланысты шығынның өтемі ретінде 150 млн. доллар ұсынған.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.

Соңғы жаңалықтар