Agip KCO консорциумындағылар бұл ақпаратты жоққа шығармағанымен, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.
Agip KCO консорциумы мен ҚР үкіметі арасындағы келісім шартына сәйкес, Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмысы 2005-жылы басталуы тиіс.
Agip KCO консорциумына BG Group, Exxon Mobil, Inpex Masela Ltd., Phillips, Shell және TotalFinaElf компаниялары біріккен. Қашаған кенішіндегі алғашқы мұнай Восток-1 ұңғысында 2000-жылдың жазында табылды. Кеніштегі дәлелденген мұнай қоры 11 млрд. баррельді құрайды.