"Агромаш Холдинг" 2015 жылы "Ssang Yong" көліктерін шығару көлемін 6 есеге арттырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Агромаш Холдинг" 2015 жылы "Ssang Yong" көліктерін шығару көлемін 6 есеге арттырмақ

"Агромаш Холдинг" 2015 жылы "Ssang Yong" көліктерін шығару көлемін 6 есеге арттырмақ

«Агромаш Холдинг» компаниясы (АМХ) 2015 жылы жылына 7500 Ssang Yong автокөлігін шығаруды жоспарлап отыр, 2011 жылы 1270 жол талғамайтын көлік шығару көзделген, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 10 Маусым 2011
  • 829
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні ҚР вице-премьері – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Қостанай дизель зауытына барғанда АМХ-ның ай сайын 144 автокөліктен шығарып, Ssang Yong New Actyon жаңа кроссовер үлгісін қосқанда, жылына 1270 автокөлік жинауды жоспарлап отырғаны айтылды.

АМХ-да вице-премьер ҚР индустрияландыру картасына енгізілген құныТ2,4 млрджобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Ssang Yong автокөліктерін құрастыру өндірісінің жобалық қуаты жылына 10 мың көлікті құрайды.

Ә. Исекешев зауытта оңтүстіккореялық автокөліктің New Actyon атты жаңа үлгісінің тұсаукесеріне қатысты. SsangYong Motors корпорациясының вице-президенті Хо Лимнің атап көрсетуінше, «жаңа модель Корея мен Қазақстанда бір уақытта өндіріске жіберіледі, бұл корпорацияның қостанайлық құрастыруға деген сенімін білдіреді».

Сондай-ақ, Ә. Исекешев «Иволга Холдинг» ЖШ диірмен кешені құрылысының жобасымен танысты, оның жобалық қуаты – жылына 70 мың тонна дайын өнім шығару. Серіктестіктің Т680 млн қаржысын тарту арқылы құрылатын кәсіпорынды биыл іске қосып, Орталық Азия елдеріне жеткізу арқылы өнімді өткізу нарығын кеңейту жоспарланған.

«Қостанай облысында 3 бағыттағы инвестициялық бағдарламалардың келешегі мол. Бірінші кезекте, бұл ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеу, облыста 20-дан аса жобаның агроөнеркәсіп кешеніне жататыны кездейсоқ емес. Екінші келешегі бар бағыт – машина жасау. Мұнда машина жасау кластері қарқынды дамып отыр, ал Ресейге жақын орналасқанымыз — өткізу үшін керемет позиция. Және облыс сәтті дами алатын 3-ші сала — — металлургия», — дедівице-премьер журналистерге сапарын қорытындылай отырып.

Соңғы жаңалықтар