Бұл ретте кезек күттірмес мақсат ретінде ауылшаруашылығын өндірістендіру аталған. «Ол саланы сапалы техникамен жабдықтау көлемін арттыру, агротехнологияларға бағыну, ғылыми қамтамасыздықты күшейту, инновациялық жобаларды қолданысқа енгізу мен нақты сектордың сұраныстарына сәйкес мамандармен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі»,- делінген құжатта.
Екінші міндет — ауылшаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын дамыту. «Ауылшаруашылығы өнімдерінің дайындау мен сатудың тиімді моделін құру, қаржылық және ақпараттық-маркетингтік жүйелер құру, халықаралық стандарттарды енгізу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың сапасын қадағалау жағдайын жақсарту көзделген. Бұл ретте өзімізде бар шикізатттар қорын жоғары деңгейде пайдаланудың маңызы артады»,- делінген құжатта.
Агроөнеркәсіптік кешеннің алдында тұрған тағы бір міндет — ауылшауашылығының ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту болып табылады. «Талдау нәтижелері көрсеткендей, еліміздің ауылшауашылығы саласында бірқатар артықшылықтар мен ауқымды іске асырылмаған әлеует бар. Оларды бәсекелестікте табысты пайдалануға болады. Атап айтсақ, шикізатты өндіруге және оны өңдеуге жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрде төмендігі, өндірілетін өнім мөлшерінің ел ішінде тұтынылатын мөлшерден біршама артықтығы, отандық өнімдердің экологиялық тазалығы, өз қуат көздерімізбен қамтамасыз ету мүмкіндігі мен қаржылық институттардың капиталы»,- делінген құжатта.
Төртінші міндет — агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. «Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді жою үшін ішкі рынокты реттеудің маңызы зор. Бұл қажеттілік сонымен бірге ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің маусымдық өзгерістеріне және сонымен сабақтас азық-түлік өнімдерінің ішкі нарыққа бірдей көлемде жеткізілмейтіндігіне де байланысты. Бұл факторлар өз кезегінде бағаның шұғыл өзгеріп отыруы мен инфляциялық процесстерге алып келуде. Оған тағы бір себеп — өнім өндіру және сату парамертлерінің тепе-тең болмауы»,- делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті