Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Оны кісі өлтіргеннен де үлкен қылмыскер дер едім" - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Оны кісі өлтіргеннен де үлкен қылмыскер дер едім"

Ахметбек Нұрсила Омар Жәлел туралы: "Оны кісі өлтіргеннен де үлкен қылмыскер дер едім"

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Абайтанушы Омар Жәлел туралы ойымен бөлісті.

  • 20 Мамыр
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Асан қайғы» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Оны біреу тәубеге келтірмесе, ол солай жүре береді. Бір қоғамдағы бассыздықты, қылмысты көре тұра үндемесең, сен де сол қылмысты қоса жасап жатқан адамсың. Омар Жәлел кісі өлтіргеннен де үлкен қылмыскер дер едім. Кісі өлтіргенді 15-20 жылға соттап жатады. Бұл одан да зор қылмыскер. Өйткені, халықтың санасын улап жатыр. Ол қай арнаға барса да «ойнас қыл да, ұл тап. Ұрлық қыл да мал тап» деп насихат жүргізіп жүр. Соны балалардың құлағына құйып, олар «ойнас қылу дұрыс екен ғой» деген ойда болады. Бір отбасын тастады 3-4 баламен. Екінші жап жас шымкенттің қызын алып, 3 бала тудырып алимент төлемей, оны тастап кетеді. Одан кейін алаяқ әйелді алады. Халықты солай лас қылып жүрген адаммен «біріксеңдерші» дейді. Ондай адаммен бірігіп, одан сұхбат алып, оған қалай елге сөз айт деуге болады?», — деді Ахметбек Нұрсила.