Ахметбек Нұрсила "Үлкеннің қолына су құюды бабаларымыз діннен алған"деген депутат Еділ Жаңбыршинді қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ахметбек Нұрсила "Үлкеннің қолына су құюды бабаларымыз діннен алған"деген депутат Еділ Жаңбыршинді қатаң сынға алды

Ахметбек Нұрсила "Үлкеннің қолына су құюды бабаларымыз діннен алған"деген депутат Еділ Жаңбыршинді қатаң сынға алды

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила "Үлкеннің қолына су құюды бабаларымыз діннен алған"деген мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинді қатаң сынға алды

  • 4 Шiлде
  • 57
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин сұхбаттарының бірінде «үлкенің қолына су құюды бабаларымыз діннен алған» деп айтқан.

«Дәуіт Пайғамбарды білесіздер. Бір намазда оның 30 баласы қырылып қалады. Алла тағаладан дұға тілеп, оған бір бала береді. Бала өсіп жатқан кезде үйіне қонақ келеді. Оның баласы Сүлеймен олардың барлығының қолына су құяды екен. Сол кезде келген қонақтар «мықты бол», «жасың ұзақ болсын» деп көптеген тілек айтады екен. Сонда Дәуіт пайғамбар, Алла тағалаға «балам 9 жасқа дейін өмір сүреді деп едің, ол қазір 15 жасқа толды» деп сұрақ қояды. Сонда Алла тағалам «Халық» менің бір атым. Халықтың барлығы «ұзақ жасасын» деген тілек тілеген. Мен ол тілекті, дұғаны қалай қабылдамаймын деген», — дейді депутат Жаңбыршин.

Депутаттың бұл сөзін кәсіпкер Ахметбек Нұрсила қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды.

«Кейінгі жылдары дипломды, лауазымды «білімсіздер» қазақтың бүкіл салтын, дәстүрін, тіпті тілін де арапқа теліп, өз қақтарынан жеріп ақ жатыр. Сол тірліктерімен өздерінің ұрпақтарының да болашағына балта шауып жатқандарын сезбейді ау(((

Мында білдей бір депутат бауырымыз қазақтың қолға су құю дәстүрі де араптан деп отыр(((

Осылай кете берсе «Сақ, ғұн, түркі, қазақ деген ұлт жоқ, олар арабтың бір тайпасы» дегенге дейін барады ау», — деп жазды Ахметбек Нұрсила.