Бағаны өз бетімен өзгертуге жанармай бекеттерінің әзірге құқы жоқ. Себебі бұл бензин түрін қымбаттатуға Министрлер кабинетінің ресми рұқсаты керек-тін. Енді Аи-80-де шарықтап кетуі ғажап емес. Бұл осы бензинді көп тұтынатын аудан-ауылдағы жүргізушілер мен шаруалардың қалтасына салмақ түсірері анық. Ал бағаны қымбатсынатындарға Энергетика министрі шамданып қалды. Владимир Школьник жүргізушілерге қымбат бензинді сатып алмауға кеңес берді.