AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр

AIBA: Елеусінов пен Дычко көш басында тұр

AIBA боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлады www.24kz. 

  • 22 Наурыз 2016
  • 441
Фото - Caravan.kz

46-49 келі:

Қазақстанның бірінші нөмірлі боксшысы Біржан Жақып бұл тізімде 500 ұпаймен 14-орында орналасқан.

52 келі:

Бұл салмақтағы қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев — тоғызыншы орында (850 ұпай).

56 келі:

Қайрат Ерәлиев болса 740 ұпаймен 12-сатыға жайғасқан.

60 келі:

Қазақстандықтар арасында бұл салмақтағы үздік нәтиже 400 ұпаймен 18-орында тұрған Зәкір Сафиуллинге тиесілі.

64 келі:

Ақпан айының үздік 69 боксшысының тізімінде қазақстандық бірде-бір былғары қолғап шебері жоқ.

69 келі:

Бұл салмақты қазақстандық Данияр Елеусінов көш бастап тұр. Оның жинаған ұпайы — 2000.


75 келі:

Жәнібек Әлімханұлы үздік 73 боксшының ішінде 1250 ұпаймен 4-орында тұр. Ол былтыр бірінші орында болған.

81 келі:

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов екінші орында тұр — 1550.

91 келі:

Қазақстандықтар Василий Левит 900 ұпаймен — 6-шы, Антон Пинчук 700 ұпаймен 8-орынға орналасқан.

+91 келі:

Аса ауыр салмақты Иван Дычко көш бастап тұр. Оның жалпы ұпайы — 1640, деп жазады alaman.kz.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера