Аида Сарабаеваның мәйіті Астанаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аида Сарабаеваның мәйіті Астанаға жеткізілді

Аида Сарабаеваның мәйіті Астанаға жеткізілді

Түркияда жол апатынан көз жұмған 18 жастағы қазақстандық Аида Сарабаеваның мүрдесі елге жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. 

  • 10 Тамыз 2015
  • 1731
Фото - Caravan.kz


«Бүгін Аида Сарабаеваның денесі Астанаға жеткізілді. Аиданың әкесі әуежайда күтіп алды», — деп жазды өзінің Twitter-дегі микроблогында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Дэнизли қаласының маңында ТМД елдерінен барған саяхатшылар автобусы жол-көлік апатына ұшырайды. Соңғы мәліметтер бойынша 4 адам қайғылы оқиға құрбаны болды: 3 ресейлік және біздің отандасымыз — қарағандылық Аида Сарабаева. Апат қолайсыз ауа райынан және жылдамдықты жоғарылатудан болды деп болжануда. Сот шешімі шыққанға дейін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Егер ол кінәлі деп танылса, бірнеше жылға сотталуы мүмкін.