«Бүгін Аида Сарабаеваның денесі Астанаға жеткізілді. Аиданың әкесі әуежайда күтіп алды», - деп жазды өзінің Twitter-дегі микроблогында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Естеріңізге сала кетейік, Түркияның Дэнизли қаласының маңында ТМД елдерінен барған саяхатшылар автобусы жол-көлік апатына ұшырайды. Соңғы мәліметтер бойынша 4 адам қайғылы оқиға құрбаны болды: 3 ресейлік және біздің отандасымыз - қарағандылық Аида Сарабаева. Апат қолайсыз ауа райынан және жылдамдықты жоғарылатудан болды деп болжануда. Сот шешімі шыққанға дейін автобус жүргізушісі қамауға алынды. Егер ол кінәлі деп танылса, бірнеше жылға сотталуы мүмкін.