"Air Astana" Алматы-Астана рейсінің жолаушыларына өтемақы төлеуге әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Air Astana" Алматы-Астана рейсінің жолаушыларына өтемақы төлеуге әзір

"Air Astana" Алматы-Астана рейсінің жолаушыларына өтемақы төлеуге әзір

"Air Astana" авиакомпаниясы 12-маусымда кешіктіріліп ұшырылған Алматы-Астана (KC 855) рейсінің жолаушыларына келтірілген ыңғайсыз жәйттер үшін өтемақы төлеуге әзір.

  • 13 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

«12-маусымда KC 855 рейсі бойынша техникалық себептерге орай «Боинг 767 — 300» орнына адам азырақ сиятын «Боинг 757 — 200″ ұшырылды. Осы орайда ол ұшаққа 65 адам сыймай қалған», делінген дүйсенбіде авиакомпаниядан таралған хабарламада.

Қалған жолаушылар «Air Astanaның» қосымша рейстерімен астаналық 20:00 және 22:30 сағатта ұшырылды.
«Авиакомпания келтірілген жайсыз жәйттер үшін кешірім сұрайды және кешігіп ұшуға мәжбүр болған жолаушыларға өтемақы мәселесі бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімге customer.relations@airastana.com» электронды адрес бойынша хабарласуды өтінеді, делінген хабарламада.
Air Astana — «Самұрық-Қазына» қоры мен ағылшындық BAE Systems PLC компаниясының бірлескен кәсіпорны, қатысу үлестері сәйкесінше 51% және 49% акция.

Соңғы жаңалықтар