Air Astana Алматы-Хошимин бағытын ашты
Air Astana әуе компаниясы Алматы-Хошимин жаңа бағытын ашты. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметі мәлімдеді. Хошиминге ұшу Бангкок арқылы жүргізіледі. Ұшу ұзақтығы 9 сағат. Хошиминнен Алматыға қарай кері бағыт еш жерге тоқтамастан тікелей жүргізіледі. Ұшу ұзақтығы 7 сағат. Ұшу сәрсенбі және жұма күндері Boeing 757 ұшағымен орындалады. Алматыдан Хошиминге бару құны барлық алымды қосқанда 88 мың 499 теңге. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін