Air Astana Оралға қатынайтын рейстерді тоқтатпайтын болды
Air Astana әуе компаниясы Орал қаласына қатынайтын рейстерді тоқтатпайтын болды, деп бейсенбі күні компанияның баспасөз қызметінен хабарлады. |
«Air Astana Оралға қатынайтын рейстерді қайта жалғастыру туралы шешім қабылдады. Компания қайта қалпына келтіргенге дейін Орал қаласы әуежайындағы ұшу-қону алаңын әрбір рейстен кейін тексеріп отыруға рұқсат алды», - деп атап көрсетілген хабарламада.
Өткен аптаның соңында Air Astana компаниясы басшылары Орал әуежайындағы ұшу-қону алаңының тозығы жеткенін, сонған байланысты қалаға қатынайтын рейстерді тоқтататынын мәлімдеген болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін