Әуе лайнеріне бірінші қазақстандық ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді.
Ұшақ Бразилиядағы шығарушы зауыттан тікелей жеткізілді, ол Сан-Жозе-дус-Кампус қаласынан 30-қазан күні ұшқан болатын. Жалпы алғанда ұшақ әуеде 20 сағаттан аса болды, Алматыға келер жолда май құйып алу үшін және экпипаж демалып алуы үшін жоспарлы түрде төрт қонды.
Embraer 190 ұшағының техникалық жағдайы мен құжаттамалары Алматыда міндетті түрде тексеріледі, сосын ұшақ кедендік ресімдеуден өтіп, тіркеледі. Содан соң ғана ол рейстерге жіберілетін болады.
Air Astana және Embraer концерні 2011 жылы Embraer 190 екі әуе лайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын.