"Air Astana" пайдаланатын экипаж мүшелерінің куәліктері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Air Astana" пайдаланатын экипаж мүшелерінің куәліктері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді

"Air Astana" пайдаланатын экипаж мүшелерінің куәліктері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді

Air Astana пайдаланатын экипаж мүшелерінің куәліктері (ЭМК) мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді, деп хабарлайды «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ.

  • 30 Маусым 2011
  • 542
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Нұрлан Жұмасұлтанов 2011 жылдың 29 маусымында бірнеше рейстің кешігуіне алып келген «Алматы қаласы әуежайының қауіпсіздік қызметінің заңға қайшы әрекеттері» туралы ақпарат береді.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ында өткізу және объектіілік режимді қамтамасыз ету бойынша арнайы шаралар жүргізу барысында әуежайдың әуе қауіпсіздігі бөлімшелері Air Astana әуе компаниясының белгісіз үлгідегі, белгісіз баспа құралында басып шығарылған, голографиялық қорғаныс деңгейлері жоқ мен Азаматтық авиация комитетінің (ААК) құзырлы тұлғасының қолы қойылмаған экипаж мүшелерінің куәліктерін пайдаланғанын, яғни ҚР ККМ 2011 жылдың 20 қазанындағы №465 бұйрығының талаптарын бұзғанын анықтады», — делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

ЭМК немесе «ұшуға өту қағазы» әуе компаниялардың, соның ішінде Air Astana компаниясының да экипаж мүшелеріне бүкіл әлем бойынша өз жұмыс орындарына, яғни әуе кемесінің кабинасына өту үшін әуежайдың бақылау-өткізу бекеттері арқылы өту құқығын береді.

«Air Astana» әуе компаниясы пайдаланатын белгісіз үлгідегі ЭМК-ілері ҚР ККМ ААК беретін стандарт ЭМК-ілерге сәйкес келмейді және үлкен айырмашылығы бар. Бұл Air Astana әуе компаниясының ҚР ККМ 2011 жылдың 20 қазанындағы №465 бұйрығының баптарын және авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғанын көрсетеді, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ мен «Air Astana» әуе компаниясының ККМ және ААК басшыларының қатысуымен кеше және бүгін өткен кеңестерде рейстердің кешігуіне жол бермеу және әуе жолаушылары үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында келесі шаралар қабылданды: Air Astana әуе компаниясына экипаж мүшелері пайдаланатын ЭМК-ілерін қысқа мерзімде ҚР ККМ 2011 жылдың 20 қазанындағы №465 бұйрығының баптарына сәйкес келтірсін және авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзуды жойсын; Air Astana 1 тармақта аталған шараларды толығымен жүзеге асырғанша «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ экипаж мүшелерін жұмыс орындарына, әғни әуе кемелерінің кабиналарына өткізсін.

Бұған дейін Air Astana Алматы әуежайының заңға қайшы әрекеттері әуе компаниясының рейстерінің кешігуіне алып келгенін хабарлаған болатын. Air Astana-ның ақпаратына сәйкес, 29 маусымда KC885 Алматы – Атырау, KC886 Атырау – Алматы, KC953 Алматы – Астана, KC954 Астана – Алматы, KC301 Алматы — Өскемен, KC302 Өскемен – Алматы, KC859 Алматы – Ақтау, KC860 Ақтау – Алматы рейстері кешіктірілген. Кешігудің орташа уақыты 1 сағаттан аспады.

«Әуе компаниясының аталған рейстерінің кешігуіне Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің Air Astana ұшқыштарының әуежай аумағына өту қағаздарын алып қою арқылы оларға қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасауға бағытталған заңға қайшы әрекеттері себеп болған. Ұшу құрамы персоналының қазақстандық және халықаралық біліктілігі бар, ұшуларды орындау үшін сәйкес лицензиялары да бар», — деп түсіндірген болатын Air Astanaәуе компаниясының ұшуларды ұйымдастыру департаментінің директорыМірғали Әлжанов.

«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ әуе кемелері (ӘК) мен әуе жолаушыларына әуежайлық және жерүсті қызметтерін, ӘК-терге техникалық және сервистік қызмет көрсетеді. Компанияның жалғыз акционері — Venus Airport Investments B. V. (Амстердам, Нидерланды Корольдігі)

AirAstana – ұлттық әуе тасымалдаушы, 2001 жылы тіркелген. Қазақстан үкіметі («Самұрық-Қазына» қоры) мен ВАЕ Systems компаниясы сәйкесінше 51% және 49% үлеспен иелік етеді. Air Astana әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, E-190 және F50 ұшақтарынан құралған.

Соңғы жаңалықтар