Air Astana рейсі әуе компаниясының менеджментінің нашарлағынан кешіктірілді - "Халықаралық Алматы әуежайы" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana рейсі әуе компаниясының менеджментінің  нашарлағынан кешіктірілді - "Халықаралық Алматы әуежайы"

Air Astana рейсі әуе компаниясының менеджментінің нашарлағынан кешіктірілді - "Халықаралық Алматы әуежайы"

Алматы. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Air Astana әуе компаниясының КС859 рейсі компанияның менеджментінің нашарлығынан кешіктірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 8 Тамыз 2008
  • 670
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың 6 тамызында қалыптасқан жағдай, біздің ойымызша, Air Astana әуе компаниясының жабдықтау бөлімшесінің нашар менеджментінен туындаған. Олардың өз жанармайлары дер кезінде және толық көлемде жеткізілмеді. Алайда, біз басқа әуе компанияларының алдындағы келісімдік міндеттемелерімізді орындай алмау мүмкіндігінің бар екендігіне қарамастан, Air Astana компаниясы бізге өтініш жасай салысымен оларға қазіргі бағамен жанармай бердік», — деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Түсініктемеде көрсетілгендей, 2008 жылдың ақпан айында ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеев қолын қойған әуе отынын бөліп тарату жөніндегі меморандумға сәйкес, отандық мұнай өңдеу зуатыттарынан Air Astana әуе компаниясының ұшақтарына жанармай құю үшін компанияға айына 6200 тонна жанармай бөліп тұру туралы келісімге қол жеткізілген.

«Осыған байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттарынан «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-на жанармай жеткізу көлемі айтарлықтай қысқарып, әуежайдың айлық қажеттіліктерінің 10-15 пайызын құрап отыр. Жанармайдың қалған бөлігін әуежай Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарынан алады. Бұл баға саясатына әсер етері сөзсіз», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматы — Ақтау рейсінің кешіктірілу себебі қандай деген сауалға жауап берген баспасөз қызметі «көрсетілген меморандумға сәйкес әуе отынын құюды Air Astana компаниясының өзі атқаруы тиіс болатын» деп атап көрсетті. «Бұл рейс ұшатын кезде Air Astana компаниясында өз отыны болмай қалды. Бұл олардың менеджментінде немесе жабдықтауларында шығар немесе тағы басқа да жағдайлардан туындаған болар, бірақ қалай дегенмен де олар жанармайсыз қалып, бізге өтініш жасады. Біз олардың бірінші өтініштерінен кейін-ақ өз жанармайымызды құйып бердік. Әуежайға өтініш жасау мен шешім шығаруға 1 сағат кетті және тиісінше біз мұны толығымен Air Astana компаниясының кінәсі деп білеміз. Біз бұл мәселені олардың бірінші өтініштерінен кейін-ақ шештік», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

«Біздің жаңа бағамыз тек 14 тамыздан кейін ғана өз күшіне енеді. Біз олардың (Air Astana компаниясының — агенттік ескертпесі) ұшағына жанармайды қазіргі бағамен құйғанымызды ресми түрде мәлімдейміз. Біз оларға ешқандай қымбатшылықты ұсынған жоқпыз», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар