Air Astana үкіметтен компанияны жекешелендіруге жол бермеуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana үкіметтен компанияны жекешелендіруге жол бермеуді сұрады

Air Astana үкіметтен компанияны жекешелендіруге жол бермеуді сұрады

Air Astana үкіметке компания бақылау пакетінің шетелдік инвесторлар қолына өтуіне жол бермеуді сұрады.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 754
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ұлттық тасымалдау компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз үкіметтін Air Astana компаниясының мәртебесін сақтап қалуды сұрап хат жолдадық. Өтінішіміз аяқ-асты болмайды деп үміттенеміз», — деді баспасөз қызметінің өкілі.
Айтуынша, өткен аптада қол қойылған әуе кеңістігін пайдалану туралы заң компания акциясының 51 пайызын сатуға мүмкіндік береді. Заңда компания акциясының 49 пайыздан астамын шетелдік инвесторға сатуға тыйым салатын норма алынып тасталған.
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының кеңесі бойынша, шетелдік компания әуе компаниясы акциясының 49 пайыздан астамына иелік ете алмайды.
«Бұл тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та да, ЕО-та да, Қытай мен Ресейде де осындай заң бар. Өйткені, авиация елдің қорғанысы үшін маңызды рөл атқарады. Сол себепті мемлекеттер әуе тасымалдаушы компаниялар акцияларының бақылау пакетін уысынан шығармауға тырысады. Әуе компаниясын өз кеңістігіне жіберген кез-келген мемлекет оны бақылауда ұстайтынына сенімді болуы тиіс. Олар біздің жалауымызбен ұшатын әуе компаниясының үшінші тұлғалардың емес, мемлекеттің бақылауында болуы қажеттігін түсінуі қажет», — деді компания өкілі.
Бастапқы болжамдар бойынша Air Astana компаниясын Катар әуе желілері
(Qatar Airways) сатып алуы мүмкін.
«Біз тарап жатқан қауесеттерге қатысты пікір білдіріп жатқан жоқпыз. Бірақ Катар әуе желілерінің корпоративтік мәдениеті мен басқару стилі Эйр Астанаға мүлдем қайшы келетінін айтқымыз келеді. Катар әуе желілерінің бизнес-үлгісінің коммерциялық жағынан еш ерекшелігі жоқ. Компания тек мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен күнелтіп отыр. Қаржылық қызметінің бұлыңғыр тұстары көп. Адал бәсекелестік талаптарының бұзылуы салдарынан басы даудан арылмайтын, қызметкерлерінің құқын бұзуды әдетке айналдырған компания. Бұл біздің компаниямызға пайда әкелмейді», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар