"7 наурызда Air Astana әуе компаниясының Астана — Алматы бағытындағы Боинг 757-200 ұшағы қозғалтқышы істен шыққандықтан, қонуға рұқсат сұрады. 11:00-де ұшақ Алматы әуежайына қонды. Ұшақ бортында 72 жолаушы және сегіз экипаж мүшесі болды", — делінген хабарламада. Ешкім зардап шеккен жоқ. Компания өкілдері болған жайттың мән-жайы туралы айтып берді. "Әуе компанияның Астана — Алматы бағытындағы "Боинг-757" ұшағы 2017 жылдың 7 наурызында экипаждың техникалық себептермен сол жақ қозғалтқышын өшіргеннен кейін, штаттық режимде қонды. Экипаж халықаралық қауіпсіздік процедураларының бәрін орындады. Қазір әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр", — делінген әуе компаниясының ресми хабарламасында. Еске салайық, Air Astana әуе компаниясының Алматы — Орал бағытындағы ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонған болатын.