Air Astana Жезқазғанға ұшақтардың жіберілуін тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Air Astana Жезқазғанға ұшақтардың жіберілуін тоқтатты

Air Astana Жезқазғанға ұшақтардың жіберілуін тоқтатты

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы 2015 жылдың 1-мамырынан бастап Жезқазғанға ұшақтардың жіберілуін тоқтатып отыр,

  • 8 Сәуiр 2015
  • 275
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады әуе компаниясының корпоративті коммуникациялар жөніндегі департаментінен.

Бұл шешім Жезқазған әуежайының іздеу және ұшу кезінде апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметтерінің қазақстандық стандарттарға сай болмағандығынан қабылданды, делінген сейсенбіде таралған хабарламада.


"Ақпан айындағы аудит кезінде әуе компаниясының техникалық мамандары аталмыш қызметте қызметкерлердің жетіспейтіндігін, заңға сай талап етілген үш көліктің орнына бір ғана өрт сөндіруші көліктің бар екендігін анықтады”, делінген ақпаратта. Әуе компаниясы алынған әуе билеттерінің ақшасын толық көлемде қайтаратындығын мәлімдеді