Жарияланды: 570

Air Astana-да ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуге жасанды дипломы бар британдық жауап берген

Air Astana авиакомпаниясында ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуде жасанды дипломы бар британдық жауап берген, делінген «Время» газетінде сәрсенбі күні жарияланған мақалада.

«Air Astana авиакомпаниясында ұшақтарға техникалық қызмет көрсетумен бірнеше жыл бойына авиатехник деген жасанды лицензиясы бар британдық Мохаммед Баллуза айналысқан! 2010-шы жылы британиялық сот оны алаяқтығы мен жалған құжат жасағаны үшін 22 айға соттап, заңсыз тапқан 245 мың фунт стерлинг қаражатты қайтаруын талап еткен», - делінген мақалада. Газетте айтылғандай, жақында редакция алқасында қызықты құжат келіп түсті. Ол 2010-шы жылы 1-ші қыркүйекте Ұлыбританияның азаматтық авиация комитетінің тергеу бөлімін қадағалау жөніндегі аға инспекторы Малком Юстис Air Astana авиакомпаниясының президенті Питер Фостерге жолданған екен. «Оның ізіне шығу үшін көптеген жыл қажет болды, бірақ кеше Баллузаны айыптау жөніндегі Англияның Брайтон бітімгершілік сотында болғанымда менің үмітім ақталды. Баллузаны 22 айға соттап, одан заңсыз тапқан 245 мың фунт стерлинг мөлшеріндегі қаражатты өндіріп алатындығы туралы маған мәлім етті. Air Astana компаниясының бірнеше азаматтары оны таниды, және мен бұл істің немен аяқталғаны туралы сіздің де құлағдар болғаныңыз жөн деп таптым», - делінген П. Фостерге жіберілген электрондық хатта. Air Astana-ның қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті Белла Тормышева басылымға хабарлағандай, Баллуза Мохаммед Хусаин шынымен де 2004-ші жылғы 24-ші мамырдағы №000164 рұқсатқа сай Air Astana-да техникалық қызмет көрсету бойынша менеджер болып 2004-ші жылдың 27-ші маусымы мен 2005-шы жылдың 27-ші маусымына дейін және 2005-ші жылғы 25-ші тамыздағы жұмысқа алу туралы №001392 рұқсатқа сай 2005-ші жылғы 2-ші желтоқсаннан 2006-шы жылғы 20-шы наурызына дейін жұмыс істегенін жеткізді. «Ол жұмысқа алынғанда авиациялық инженер деген диплом көрсетілген. Компанияда жұмыс істеген жылдары Мохаммед Баллузаға ешқандай тәртіптік ескерту берілген емес», - делінген электрондық поштамен жіберілген вице-президенттің жауабында. Шетелдік мамандар көптеп жұмыс істейтін Air Astana компаниясында мамандардың білім дипломдарының шын екенін кім, қалай тексереді деген сауалға, Б. Томышева барлық шетелдік мамандардың құжаттарының шын екендігін олардың дипломдарында білімдері барлығы туралы таңбалар растайтынын жеткізді. Air Astana вице-президенті сендіргендей, шетелдік жұмыс күштерін шақытру ережелерін сақтауды қазақстандық авиациялық прокуратура үнемі тексеріп отырады. Air Astana – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен ағылшындық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорны. Олардың әрқайсында тиісінше 51% және 49% акциялары бар. Бүгінгі таңда Air Astana әуе компаниясының әуе кемелер паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, F50 сынды ұшақтардан тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін