"Аянышты, құдай сақтасын": Айнұр Жүгінісова "Халық қаһарманын" алған қайраткерлерге тиісіп, елге күлкі етті - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аянышты, құдай сақтасын": Айнұр Жүгінісова "Халық қаһарманын" алған қайраткерлерге тиісіп, елге күлкі етті

"Аянышты, құдай сақтасын": Айнұр Жүгінісова "Халық қаһарманын" алған қайраткерлерге тиісіп, елге күлкі етті

Белгілі әнші Мирас Жүгінісовтың анасы Айнұр Жүгінісова бақыттың атақта емес екенін айтып, жан сырын ақтарды.

  • 14 Қаңтар
  • 120
Instagram/juldyzdar_news

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның пайымдауынша адамдар берген атаққа өз-өздерін алдамай, шын бақыттың неде екенін түсінуі қажет.

«Карьерист қыздарға айтарым, бірінші айналайындар, карьера деген не? Жақсы шығар мүмкін. Карьера сізге жан тыныштығын сыйламайды. Осы нәрсені біліңіздер. Жан тыныштығы деген не? Ол сенің отауың, кішігім Отаның. Өйткені, сен жұмыстан шаршап келген кезде, балаңды не немереңді иіскеген кезде, бүкіл шаршағаныңды ұмытып жатасың.

50-60-қа келіп, жалғызбасты болып отырған қанша қыздарымыз, қанша жігіттеріміз бар. Карьера деген сағым және бу. Атақты алдың, бір айға дейін оның қызығы бар шығар. Бір айдан кейін не істейсің? Ұмытасың. Ол саған абырой, бақыт әкелмейді, есіңізде болсын. Оны кейін білесің.

Бір балаға чупа-чупс беріп, алдап қояды ғой баланы. Сол сияқты нәрсе екен. Чупа- чупсті жеп қойғаннан кейін, жоқ қой чупа-чупс. Сол сияқты атақты да аласың, жарайды «Халық қаһарманы».

Біреулер айтады, мәә, мынау атақты, жарайды ол атақты да болуы мүмкін. Егер сен еңбегің сіңіп, дұрыс, өз жолымен, әр нәрсені өз жөнімен әкеліп жатсаң, оның өзі де жарасымды шығар. Тек қана өміріңді бір чупа-чупсқа арнап жіберу, қиын ғой, аянышты, құдай сақтасын. Ал, бақыт дегенің жарыңның қасында жатып, бала-шағаңды иіскеп, солармен бірге, солардың өсіп-өнгенін көріп, бір дастарханда отырып, солардың немере-шөберелерін иіскеп отыру, міне баға жетпес бақыт та!», — деп түйіндеді сөзін Айнұр Жүгінісова.