Айбек Оралбай екі дүркін Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 536.76
  • 630.85
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айбек Оралбай екі дүркін Азия чемпионы атанды

Айбек Оралбай екі дүркін Азия чемпионы атанды

Қазақстандық Айбек Оралбай бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

  • 11 Желтоқсан 2024
  • 21
Фото: Сәли Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшы аса ауыр салмақта (92 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алды.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының спортшысы Ремула Абудурекситиден 5:0 есебімен басым түсіп, 2 жыл бұрынғы Аммандағы жетістігін тағы қайталап, жеңімпаз атанды. Осылайша, Айбек командаға 4-ші алтынды салды.

Биылғы Азия чемпионатын еліміздің ерлер құрамасы 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте 2-орында аяқтады.

Еске сала кетейік, бұл — Айбек Оралбайдың жаңа салмақтағы алғашқы жүлдесі. Боксшы бұған дейін 92 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера