”Айдын Нұры қоры да Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек” - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 541.34
  • 640.73
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Айдын Нұры қоры да Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек” - Айгүл Орынбек

”Айдын Нұры қоры да Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек” - Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның қорын мұқият тексеруд талап етті.

  • 23 Шiлде
  • 125
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Айдын Нұрын қоры дәл Перизаттың қоры сияқты мұқият тексерілуі керек деп талап етемін!
Қанды Қаңтар оқиғасының алдында халықтан аямай ақша жиналды. Ал Қаңтардан кейін менің тексерсін деген сұранысыммен кейін артынша қор жабыла салды.
Бұл — үлкен күдік тудырады.

Біздің елде саны көп, бірақ сапасы жоқ, бақылаусыз қорлар жетерлік.
Кейбір әкімдер мен шенеуніктер тіпті кәсіпкерлерден “заңды түрде” ақша жинау үшін арнайы қор ашып алған.
Яғни параны айналып өтіп, қор арқылы алады.

Қайырымдылықты желеу еткен жалған қорларды жабатын уақыт келді!
Мемлекет қарапайым халықтың сенімін пайдаланып, ақша жымқыруға жол беріп отырғандарға нақты шара қолдануы тиіс”, — деп жазды заңгер.

Перейти к новостям спорта