Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Актердың айтуынша, ер адамның денесі дінімізде рұқсат етілмеген ащы сулардан 40 күнде тазарса, әйел адамның тәні тазармайтын көрінеді.
«Арақ ішкен еркек 40 күнде тазарады. Ал әйелдің бойынан мәңгілік шықпайды. Себебі, ер адам топырақтан,, әйел еттен жаралды. Әйел қабырғамыздан жаралды ғой. Ғалымдар осы тақырыпты зерттеген екен. Топырақты бір ыдысқа салып, екінші ыдысқа ет салып, үстерінен арақ құйып, беттерін жауып қойған. Бір аптадан кейін ашса, еттің сасығаны сонша адам жақындай алмаған. Топырақты ашса, суы сіңіп, спирті ұшып кеткен. Топырақ ары қарай пайдалануға жарайды. Арақ 40 күнде ер адамның денесінен шығп кетеді деген сол. Ал ет сасиды ғой, әйел ғой еттен жаралған. Ол бір сасыса қайтып кетпейді. 100 гр ішкен қызды алсаң, соның зардабы сенің балаңмен шығып отырады. Қазір осыны түсіндіре алмай жатырмыз. Мейрамханаларға барсаңыз, сап-сары етіп, есектің сідігін ішіп отырады. Оны есекке, итке, шошқаға берсең ішпейді. Бірақ соны адам ішіп отыр. Сондай нәрселерді күнде ішкен қыздарды біреу алып, өзіне қатын қылып жатыр», — дейді ол.
Желі қолданушылары әртістің бұл пікір қызу талқылауда.
«Қараңғылықтан көз ашпайтын болдық», «Аңқау елге арамза молда деген осы», «Мына еркек өзінің сасыған еттен шыққанын ұмытып кеткен ғой», «Білімсіз екені көірніп тұр», «Мына кісіге анатомия сабағын өту керек екен», — деп жазды олар.

