Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақ әйеленің 3 жұрты болады: Өз жұрты (келін болып түскен жері, күйеуінің жұрты), нағашы жұрты және төркіні!
Өкінішке қарай осыны қазіргі 70-80 дегі апаларымыздың көбі білмейді екен.
Марқұм шешем қыздарын бөлектеп «Түрлиндер келді, Ахановтар келді» деп отыратын, кезінде онша мән беріп, түсінбегенбіз, ол да үлкен САЯСАТ екен ғой.
«Қыз жат жұрттық» «Шыққан қыз шиден тысқары» «Тастай бат, судай сің» «Қыз үйге қонақ» деген дана тәрбиенің арқасында Қазақта ажырасу болмаған ғой
Қонақ бір күні өз жұртына кету керек қой, бұл үйде уақытша ғана отыр., қонақ мәңгілік емес қой..
Келін боп түскен соң сол әулеттің ұрпағын жалғастырып, сөзін сөйлеп, жыртысын жыртып, керек кезде сойылын да соғатын болған.
Қазіргі заманда әйелдер «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сияды» деген оңбаған мақал шығарып алған(((
Менің әйелім арғынның қызы, бірақ ол Найман, соның ішінде Матай. Ал Арғын ол төркіні!
Осыны жастардың санасына мықтап тұрып сіңіре алсақ, ажырасу азаяды, тіпті мүлде болмайды!
Қазіргі тіпті үлкен жастағы , қыз ұзалып, келін түсіріп отырған әйелдерге осыны айтсаң «Біз қалай руымызды, сүйегімізді, өзгертеміз, қалай басқа румыз деп айтамыз» деп бастары қатады», — деп жазды кәсіпкер.
Ахметбек Нұрсиланың пікірімен желі оқырмандары келіспеді.
Олар «Өмірімде естіп көрмегем күйеуінің руын айтып жүргенін. Әркімнің өз руы бар емеспа. Қаншама үлкендерден сұрадым, өз руын айтады деп отыр. Қай көрген едің күйеуінің руы тұрмақ атын атамаған қазақтың келіндерін адастырмақсыңдар ғой», «Әйтеуір еркектер істейтін дым іс жоқ, әйелмен арпалысқаннан басқа. Қызға, әйелге еркектен өткен жау жоқ.Соғыс бастайтында еркек, қыздың жасына қарамай зорлайтында еркек, есекке дейін зорлайтын еркек. Астанада подьездің есігін зорлағанда еркек. Бірінші өздеріңді тәрбиелеп алыңыздар. Қыз зорлаған еркекке қайсың қой деп жатсыңдар? Қаншама әйелі еркектің қолынан өліп жатыр, неге соны қойдырмайсыңдар?», «Ой аға ажырасу себебі одан емес» деп пікірлерін білдірді.