Әйелдер үйдегі шалбардың бәрін лақтырып тастап, тек көйлек пен юбка кию керек - психолог - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер үйдегі шалбардың бәрін лақтырып тастап, тек көйлек пен юбка кию керек - психолог

Әйелдер үйдегі шалбардың бәрін лақтырып тастап, тек көйлек пен юбка кию керек - психолог

Қазіргі таңда әйел қауымының ұзын етек емес, шалбарға әуес болғаны белгілі.

  • 4 Қараша
  • 648
ФОТО: Нейрожелі ұсынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Психолог Қызғалдақ Аманбай әйелдерге нәзіктікті қалыптастыруға қатысты кеңесімен бөлісті:

Нәзіктікке қатысты күшті техника білемін. Ол үйдегі барлық шалбардың барлығын лақтырып тастап, біріңғай көйлек пен юбка кию. Өте қатты әсер етеді. Мысалы, мен осы түсірілімнің өзіне юбка киіп келдім. Себебі, шалбармен келсем, еркек сияқты қатты айтуым мүмкін. Сондықтан, өз нәзіктігімді сақтау үшін, мен маңызды шараларда юбкамен жүруді құптаймын. Еркек болып кетсе, күйеуімен қақтығыс болады. Себебі, бір үйде екі еркектің басы сыймайды. Жыныстық қатынас бұзылады. Бір-бірін қаламайды. Себебі, еркек санасыз түрде, қасында әйелі емес, еркек бар екенін сезінеді.

Психологтың оқырмандарының басым көпшілігі, оны қолдап, дәлелденген екенін айтты.