"Әйелі алаяқ, оған жандарың ашымасын": Мұрат Әбділданың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.06
  • 566.32
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелі алаяқ, оған жандарың ашымасын": Мұрат Әбділданың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады

"Әйелі алаяқ, оған жандарың ашымасын": Мұрат Әбділданың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады

Екі жыл бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділданың адвокаты күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 25 Сәуiр
  • 182
syrboyi.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Заңгер Молдахан Әділетхан профилактикалық есепте тұрған блогердің тәртібі нашар болғанын айтты.

«Көпшілігі «әйеліне не болды» деп жазып жатыр. Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Оның әйелі алаяқ. Бізге Әсел деп танысқан, есімі мүлдем басқа. Алаяқтықпен отырған, ол да профилактикалық тексерісте жүр. Мұрат Әбділда «ұрды-соқты» деп бірнеше рет арыз жазған. Кінә Мұраттың өзінен. Боқтады, ішті-шекті. Білгенін істеп жүрді. Мұраттың анасына обал, анасы жақсы кісі. Бірақ соңғы уақытта анасымен де хабарласпай жүрген секілді. Қамалмай тұрып 2 апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа болып шықты», — деді адвокат.