Бұл жолы өнер иесі елордадан баспаналы болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сүйінші жаңалықпен журналист Айнұр Омар бөлісті.
«Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен!!!», — деп жазды ол.
Халықтың көпшілігі аңыз адамның пәтерлі болғанына қуанып, жылы тілектерін жаудырған. Десе де олардың арасында әншінің пәтер дауына іліккенін еске салған адамдар да болды. Олар әсіресе әншінің жас әйеліне тиісіп жатыр.
