”Әйелім хиджабта, ерлерге апару ыңғайсыз”: Шымкенттік азамат хирургтардың тек қана ер адамдар екеніне шағымданды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әйелім хиджабта, ерлерге апару ыңғайсыз”: Шымкенттік азамат хирургтардың тек қана ер адамдар екеніне шағымданды

”Әйелім хиджабта, ерлерге апару ыңғайсыз”: Шымкенттік азамат хирургтардың тек қана ер адамдар екеніне шағымданды

Шымкенттік азамат хиджабтағы әйелінің іші ауырып, бірақ хирург дәрігерлердің барлығы еркектер екеніне шағымданды.

  • 22 Желтоқсан
  • 1142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Күні кеше Шымкентте мынадай жағдай болды. Әйелімнің түнімен іші ауырады, біз оны соқыр ішек деп ойлап қаламыз. Келіншегім хиджбата. Ер кісілерге апару ыңғайсыз. Содан мен жан жақтан клиникаларға хабарласамын. Содан олардың бәрінде жоқ. Ауруханаға барамын, ол жақта бәрі еркек хирургтар. 103-ке де хабарласамыз, ауруханаға апарайық десек те барлығы еркек хирургтар. Миллион халқы бар Шымкентте тұрамыз. Хиджабтағы кісілерге неге мұндай жағдай жасалмаған? Әурет жерін көрсеткісі келмейтін әйел кісілер де бар ғой. Ол кісілерге неге сондай жағдай жасалмаған? Әйел хирургтар оқымай ма? Әлде тек еркектер хирург бола ма”, — деді ер адам.

Осыған байланысты заңгер Айгүл Орынбек бұл ер адамды тексеру керектігін айтты.

”Шымкент Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оянамыз!

Мына жігітке мүмкін бөлек мемлекет ашып берерміз.

Осылай дәрігер іздеп жүргенде әйелі өліп кетсе не болар еді?”, — деп жазды заңгер.

Перейти к новостям спорта