Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алып қалды

Әйелін ақ аюдың шабуылынан қорғамақ болған ер адам ауыр жарақат алып қалды

Канадада 3 желтоқсан күні таңертең ер адам ақ аюдың шабуылына тап болып, ауыр жарақат алды

  • 5 Желтоқсан 2024
  • 5
pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

CBS мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптылар иттерін іздеу үшін таңғы 5-те көшеге шыққан. Алайда, жол жиегінен аюды кездестірген, жыртқыш бірден әйелге тап берген. 

«Ер адам сүйіктісін қорғау үшін, аюға қарсы тұрған. Қазір ол аяғы мен қолынан алған ауыр жарақаттарын емдеуде», — делінген жергілікті полиция қызметі мәлімдемесінде.

Сырттағы айғай-шуды канадалық жұптың көршісі естіп, аюды мылтықпен бірнеше рет атқан. Осылайша аң орманға қашып кетті. Кейінірек полиция аюдың алған жарақаттарынан қайтыс болғанын растады.

Бұған дейін қытайлық шаруаның жолбарыстың шабуылынан жан сауғалап қалғаны хабарланған болатын. 

Перейти к новостям спорта