Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Кәнсіл мәдениеті тек бұрынғы министр немесе танымал актерге ғана жүрмеу керек. Қарапайым банк қызметкері, менеджер, әкімшіліктегі, орта-кіші бизнестегі әйеліне қол көтеретін әрбір зорлықшыдан қоғам болып бас тарту керек. Бұл ел арасында эпидемия болып кеткен үйдегі зорлық-зомбылықтың азаюына көмектеседі», — деп жазды коуч.
Сондай-ақ ол Cancel мәдениетін дамыту керек екенін айтты.
«Әйелді ұрады — жасырады. Қажылыққа барады — жар салып мақтанады. Қыздар жетістікке жеткен, танымал, иманды екен деп алданып, осындай жігіттерді тағы және тағы таңдайды. Маткабек те үйленді. Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі де бірнеше рет үйленіп, үлкен телеарнада бағдарлама жүргізіп, халықтың ілтипатына бөленіп жүр. Бізге кәнсіл/ Cancel мәдениетін дамыту керек. Әйелге қысым көрсеткен, ұрған еркектердің жобаларын қолдамау, қарамау, олар жарнамалаған компаниялардан бас тарту, бизнестерін жүргізбеу, ештеңе сатып алмауды ереже етіп ұстану керек. Қыздарды мұндай еркектерден тек солай қорғай аламыз», — деді коуч Роза Әшірбаева.