Әйеліне қорлық көрсетіп келген дипломат Сәкен Мамаш қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйеліне қорлық көрсетіп келген дипломат Сәкен Мамаш қызметінен босатылды

Әйеліне қорлық көрсетіп келген дипломат Сәкен Мамаш қызметінен босатылды

Енді шетелде жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттар психологиялық тексеруден өтетін болады.

  • 14 Мамыр
  • 84
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш жұбайының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты арызынан соң елге шақыртылып, шекарадан өткен бойда лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Ол бұл салада 15 жылдан астам қызмет еткен. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Осы даудан кейін Сыртқы істер министрлігі шетелде жұмыс істейтін қазақстандық дипломаттардың психологиялық тексеруден өткізетін болды.

«Сыртқы істер министрлігі оқиға болған сәттен бастап бұл істі ерекше бақылауға алды. Карина Мамаштың жұбайы 6 мамырда елшіліктен Қазақстанға дереу қайтарылады деген тапсырма берілді, 9 мамырда елге келіп шекарадан асқаннан кейін қолданыстағы заңға сәйкес біз оны өз лауазымынан босаттық. Өздеріңіз білетіндей, қазір құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, қылмыстық іс қозғалды», — деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, дипломаттың әйелі Карина Мамаш 10 жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келгенін видеоға түсіріп хабарлаған еді. Кейін Карина Мамаш балаларымен аман-есен елге оралды. Орталыққа орналасты. Бірінші рет ашық сұқбат берді. Белгілі болғандай, Карина Мамаш болашақ күйеуімен 17 жасында әлеуметтік желіде танысып, бірнеше күннен соң тұрмысқа шыққан.