“Әйеліне тек тозақ пен жындар туралы айтып жынды қылған”: Әпкемді имам күйеуі ұрды деген бойжеткен жездесін жауапқа тартуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Әйеліне тек тозақ пен жындар туралы айтып жынды қылған”: Әпкемді имам күйеуі ұрды деген бойжеткен жездесін жауапқа тартуды талап етті

“Әйеліне тек тозақ пен жындар туралы айтып жынды қылған”: Әпкемді имам күйеуі ұрды деген бойжеткен жездесін жауапқа тартуды талап етті

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог төрт баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткен.

  • 15 Қараша
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

abdulla_kzkz Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сенсек, теолог, әйеліне дінмен манипуляция жасап, туыстарымен араластырмай, үйінде қамап ұстап, біріңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, айтқанымды қылмасаң менің разылығымды алмайсың деп, қол көтерген.

Сіңілісінің айтуынша, күйеуінің разылығын аламын деп, айтқанын екі етпей орындап бағынышты болған әпкесі, соңында ауырып қалған, оны байқаған күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін қызметкерлерін шақырып өз беттерінше емдемекші болып ауруын асқындырып алған.

”Менің сап-сау тәтемді жездем ұрып-ұрып жынды қылып қояды. Өзі дін қызметкері бола тұра, дінмен манипуляция жасайды. Менің әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болды. Тіпті дінді жақсы ұстанды. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жаңажолдағы адамдар біледі. Тіпті жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған еді. Әділет барлығына Жанатты ауру қылып алдым деп жылап көмек сұрайды екен. Менің әпкем ауру болған жоқ, жәй ғана еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды”, — дейді жәбірленушінің сіңлісі.

Қазір әпкесі қасында, теолог тиран өз жұмысын жалғастыруда, ал төрт баласымен әпкем жанымда дейді шырылдаған сіңілсі.

”Сүйікті ісімен айналыстырмаған, жыныстық қатынасқа өз қалауынсыз түсірген. Әйелдер ортасына да бәрі харам деп кіргізбеген. Каспийіне дейін алып қойғандықтан, өзі ештеңе сатып ала алмайтын болған. Туысқандармен ортақ чаттан шығартып, чаттарда өзі отырған. Тәтемді ешкіммен араластырмай, ұрып-соғып, қызғанып осындай күйге түсірді. Ал қазір керек емес деп отыр. Өтінемін менің бауырымды мұндай жағдайда тастамаңыздаршы. Өтінемін халқым”, — дейді ол.

Аталған оқиға бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

”Полиция аталған факті бойынша тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар арасында ажырасу процесі жүріп жатқанын қосымша хабарлаймыз. Соңғы екі жыл ішінде зайыбының күйеуі тарапынан зорлық-зомбылық туралы арыз түскен жоқ”, — делінген құзырлы орган жариялаған хабарламада.