"Әйелінің жан дауысы шықты": Мұрат Әбділданың қайта қамалғаны рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әйелінің жан дауысы шықты": Мұрат Әбділданың қайта қамалғаны рас па

"Әйелінің жан дауысы шықты": Мұрат Әбділданың қайта қамалғаны рас па

Әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде былапыт сөздер айтып танылған Мұрат Әбділдә 2022 жылы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

  • 24 Сәуiр
  • 112
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өткен жылдың қыркүйек айында танымал блогер шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.

Алайда, бүгін, 24 сәуірде Facebook желісінде блогердің темір торға қайта қамалғаны туралы ақпарат тарады. Құрал Сейітханұлы есімді желі қолданушысы блогердің екі жылға сотталғанын мәлімдеді.

«Мұрат Әбділда екі жылға сотталды.

Бүгін, 24 сәуір таңертең сағат 10:00 де Түркістан қалалық сотында Мұрат Әбділданың қалған екі жылдық шартты жазасы түрме жазасына ауыстырылды. Мұрат Әбділданың келіншегі жан дауысы шығып жылады. Мұратты қатты жақсы көреді екен. Жаным ауырып кетті», — деп жазды ол.

Видеодан Мұрат Әбділданы бірнеше полиция қызметкері ұстап, әкетіп бара жатқанын, ал блогердің жанында жүрген келіншек оны жібергісі келмей, жылап жүргенін байқауға болады.

Желі қолданушылары блогердің рұқсат етілмеген түнгі уақытта сыртқа шыққанын болжауда.

«Не істеп қойған», «Түнде үйінен сыртқа шықпа деген», «Пақырмен алысқан заман болды», «Бұдан асқан қылмыскерлермен алыспайды ма», «Келіншегіне обал болды-ау», — деп жазды олар.