АЭС – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі – сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі – сарапшы

АЭС – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі – сарапшы

Маандардың айтуынша, атом электр станциясыз экономикалық прогресс болмайды.

  • 20 Тамыз
  • 20
Фото: ашық дереккөз

Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев елімізде атом электр станциясын салудың не үшін қажет екенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Атом электр станциясы – әлемдегі ең арзан электр энергия көзі және жасыл энергияны алмастыра алады. Ол Қазақстанға қажет. 2060 жылға қарай көмірқышқыл газы шығарындылары үшін қосымша салық төлеу міндеттеледі, себебі ол қоршаған ортаны ластап жатыр. Сондықтан қауіпсіз энергия өндірісін дамытамыз десек, көмірқышқыл газын шығармайтын, яғни жасыл энергетиканы қолдауымыз керек», — деді Саябек Сахиев елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша елордада өткен қоғамдық тыңдауда. 

Осылайша институт басшысы елімізге атом электр станциясы керек екенін айтып отыр, онсыз экономикалық прогресс болмайды. 

Елімізде электр қуатын өндіретін станциялардың 70% көмір жағады және олар тозған. Алдағы 10 жылда кейбір станциялардың жұмысын тоқтатуға тура келеді. Одан басқа, елімізде энергия тұтыну көлемі жылдан жылға өсіп келеді, осы орайда 2035 жылға дейінгі электр энергиясын тұтыну жоспары бекітілді. Ол бойынша алдағы 10 жылда қуаты 26,5 мың Гвт энергия станциялары іске қосылады. Оның ішінде қолданыстағы электр станцияларын жаңарту жұмыстары да бар. Қазір Қазақстанда жаңартылған энергия көздері яғни жел, күн электр станциялары жақсы дамып жатыр. Одан бөлек, су станциялары да жаңартылуда.

Мамандардың айтуынша, көмірмен жұмыс істейтін электр станциялардан қоршаған ортаға келер залал көп. 

«Сол себептен референдум нәтижелі болған жағдайда, біз үлкен қуатты екі реакторы бар бір атом электр станциясын салуды қарастырып жатырмыз. Себебі атом электр станциясы жасыл энергетикаға жатады. Көмірқышқыл газ шығындылары нөл.

Біздің алдымызда 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, яғни көмірқышқыл шығындыларын азайту мақсаты тұр. Бүгінде ел аумағында 46 күн электр станциясы, 59 жел электр станциясы жұмыс істейді.

Қазір бүкіл әлем атом электр станциясын дамытуға тырысып жатыр, әлемде 415 реактор жұмыс істеп тұр, ең көбі АҚШ-та, Қытай 26 реактор салып жатыр, бір атом электр станциясында бірнеше реактор жұмыс істеуі мүмкін. Көршіміз Өзбекстан да атом электр станциясын саламыз деп жариялады. Біздің елдің атом саласында тәжірибесі мол.