АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады

АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылады

Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысып жатқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасы құрылысына қатысты мәселелерге тоқталды

  • 13 Қараша
  • 9
Фото: Adobe stock

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент сөзінде атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие екенін атап өтті.

«Қазақстан «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті. Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты. АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады. Сонымен қатар бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие,-деді ҚР Президенті.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған мәселені шешуде Қазақстан ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

 -Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының ашылуы – соның айқын дәлелі,-деді ол.

Перейти к новостям спорта