Энергетика министрлігі Алмасадам Сатқалиев АЭС туралы қазақстандықтардың көкейінде жүрген барлық сұрақтарды жиып, бәріне егжей-тегжейлі жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Қаржы сарапшысы маңызды болып көрінген тұстарына үңілді.
Көпшіліктің бірінші сұрағы: Неге АЭС салынуы керек? Неге жел немесе күн энергия көздерін салмасқа? Біздің елде күн де, жел де көп қой.
Министрдің айтуынша, жаңартылатын энергия көздері таза энергия болып табылады. Және Қазақстан бұл салада ауқымды жұмыстар істеуде. Бірақ күн мен желдің бір ғана кемшілігі бар. Тиісті ауа-райының жағдайы болмаған кезде энергия генерациясы тоқтап қалады. Сондықтан олар маневрлі болып табылады. Мысалы, жел тоқтап қалды делік — сол мезетте барлық парк жұмысы да тоқтайды. Ұлттық желі диспетчеріне жүйені теңгерімдеуге тура келеді, ол бұл кезде гидроэлектр станцияларынан су жіберу мөлшерін көбейтуге немесе газбен жұмыс істейтін станциялардың қуатын арттыруға мәжбүр болады. Себебі электр энергиясының ерекшелігі — оны дереу алмастыру керек, әйтпесе электр сапасы төмендеп немесе электр жарығы сөнуі мүмкін. Бұл диспетчерлік процесс.
Атом электр станциясының ерекшелігі — ол әрі жасыл, әрі базалық қуат көзі. Оның үстіне, белгілі бір кезеңдерде ол маневрлі режимде де жұмыс істей алады. Бұл станцияда жоғарыда аталған энергия көздерінің барлық артықшылықтары бар. Министрдің ойынша, күн/жел немесе атом деп бір-біріне қарама қайшы қоюға мүлде болмайды. Қазақстан барлық генерацияны, атомды, күн мен желді, гидро мен көмірді қатар дамытуға мәжбүр болады. Себебі, энергия жетіспеушілігі арта бермек. АЭС салынып жатқанда біз бірнеше жел және күн станциясын тұрғызамыз. Оған қоса, көмір мен газ жағатын жаңа станциялар саламыз. Осылардың барлығы бірігіп, біздің энергоқуатымызды өзімізге толық жететіндей дәрежеге жеткізбек.
Екінші сұрақ: Бір елдің бопсалауы. АЭС факторын алға тартып, қысым көрсету қаупі туралы уәж да жиі айтылады.
Министр оны желсөз теориясы деп бағалайды (теория заговора). Ең алдымен, біз құрылыс кезінде атом станциясын толығымен қазақстандық мамандар мен шикізат арқылы пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуіміз керек. Яғни бізді сырттан кнопка басып ешкім басқара алмайды. Өз станциямызды өзіміз басқарып, оған қажет отынды өзіміз жасап, өндіріп отырамыз. Шешілмегені тек конверсия мен уранды байыту мәселелері. Бірақ Қазақстан бұл қызметті халықаралық нарықтан алмақ.
Үшінші сұрақ: Балқашты жоғалтып аламыз ба?
Министрдің айтуынша, Атом станцияларын ашық су қоймаларының жанында салу — әлемдік тәжірибе. Мұндай станциялардың тоғандарына әдейі ондаған балық түрлері өсіріледі. Балық аулаудан жарыс өтіп тұрады. Француз үкіметінің гранты есебінен және EDF (Électricité de France) мамандарының қатысуымен ғалымдар тобы Балқаш экожүйесіне атом станциясын салудың мүмкіндігін анықтау үшін жан-жақты талдау жасамақ. Қазақстан үкіметі оның нәтижелері бойынша қоғамға егжей-тегжейлі есеп беруге дайынбыз деп отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жапондық кеңесшілер мен МАГАТЭ мамандары Балқашта соңғы үлгідегі атом станциясын салуға кедергілер жоқ деген ортақ пікірге келген.
«Балқаш көлі Тәңірдің қазаққа берген сыйы. Министр осы жерде АЭС-тің нақты механизмін түсіндірді. Біріншіден, АЭС-тің ашық су қоймасымен тікелей байланысы жоқ. Тек контурды салқындату жүйесіне арналған су Балқаштан алынып, ол жабық циклде бірнеше рет қолданылады. Ол су ешқашан реактормен араласпайды. Ол суда бір де бір радиация дозасы жрқ. Реакторлдың ішіндегі су ол дейтерий. Ол Балқаштың суы емес. Мүлде бөлек жерден әкеліп қүйылады», — деп пікір білдірді қаржы маманы Айбар Олжаев.
Қазақстан билігі осы үш сұраққа министрдің аузымен жауап беріп отыр. Диалогтың болғаны дұрыс. Халыққа қажетті ақпарат берілуі керек.