"АЭС салсақ дамып кетеміз дейсіңдер ме? Атаңның басы!" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АЭС салсақ дамып кетеміз дейсіңдер ме? Атаңның басы!" - Сәуле Әбілдаханқызы

"АЭС салсақ дамып кетеміз дейсіңдер ме? Атаңның басы!" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы елімізде АЭС салу бойынша өз ойымен бөлісті.

  • 21 Тамыз
  • 707
Adyrna.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Тым болмаса, Википедиядан төмендегі бөліскен ақпаратты оқып шығыңдар…

Өздерің айтып отырған АЭСы бар әр елдің халық санын қараңдар… (даму критерийлерінің басқа жағын тізбей-ақ қояйын… Сол дамыған елдер сияқты АЭС салсақ дамып кетеміз дейсіңдер ме? Біздің жүйемен, менталитетпен? Атаңның басы!..)

АЭС лидері Франция энергияның 72 пайызын атомнан алса, Жапония барлық энергияның 4-ақ пайызын АЭСтен алады екен….. АЭСтен бас тартқан елдер де, радиаторларын тоқтатып тастаған елдер де бар…

Сол елдер сияқты халық саны 100-200…500 млн, Қытай, Индия сияқты 2-3 миллиард халқың болып, сол елдердей мың миллион зауыт-фабрикаң болып, «ойбай, жеткізе алмай отырмыз, энергиямен қамтамасыз ете алмай отырмыз» десеңдер, бір жөн. Айналдырған 19 млн халық бар, «бір-бірін танитын» аз ғана халықты энергиямен қамтамасыз ете алмасаңдар, — ол дұрыс жұмыс істей алмайтындарыңның нәтижесі әрі көрсеткіші! Әйтпесе, жеріміз кең, асты-үсті толған мұнай мен газ, сол газ, мұнайды шетелге шикізат қып сатып қана отырсыңдар… әрине, энергияны шетелден сатып аласыңдар…

Оның бәрін былай қойғанда, халықаралық келісімшарттар негізінде, әлем бойынша атом өңдеуге құқығы бар мемлекеттер және құқығы жоқ мемлекеттер бар. Біз екіншілердің қатарындамыз. Біз тек шикізат ретінде өндіруге ғана құқымыз бар. Енді ойлаңыз, сонда сіздің атом өндірісіңізге кім қожайын болады???….. Айтпаса да түсінікті», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.