АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді

АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді

АЭС салу бойынша референдум қалай өтеді? Бұл маңызды шешімді халық қабылдайды.

  • 3 Қыркүйек
  • 4
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жиын өткізіп онда АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесін бекітіпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Онда мынадай ережелер қамтылған екен:

— Референдум президент жарлығы жарияланған күннен бастап, дауыс беруге дейін 25 күнге созылады.

— 12 қыркүйектен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты БАҚ-та жариялайды.

— Референдумның өңірлік комиссиялары сайлау комиссияларының құрамы мен олардың қай жерде болатынын хабарлайды. Бұдан кейін жергілікті атқарушы органдар дауыс беруге 20 күн қалғанда, яғни 15 қыркүйекке дейін, сайлаушылар тізіміне әкімнің қолын қойдырады. Оны референдум учаскесіне тапсырып, электрондық нұсқасын жоғарғы комиссия мен ОСК-ға жолдауы тиіс.

— 26 қыркүйекке дейін учаскелік комиссиялар дауыс берушілер тізімін алғаннан соң азаматтарға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарлай бастайды. Қайда келу керек, не үшін дауыс беру керек, олардың сайлау учаскесі қай мекенжайда орналасқаны туралы ақпарат осы кезде айтылады.

— Дауыс беру бюллетеньдері дауыс беру күнінен үш күн бұрын және одан кешіктірмей жеткізіледі.

— 5 қазан — тыныштық күні. Үгіт-насихат жұмыстары дауыс беру күні алдындағы сағат 00:00-де аяқталады.

— 6 қазан — референдум күні. Дауыс беру 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Аумақтық комиссиялар дауыс берушілердің ыңғайлылығы үшін басқа уақытты белгілеуі мүмкін. Мысалы, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер үшін басқа уақыт белгіленуі мүмкін. Дауыс беруден кейін Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағат ішінде дауыстар саналады.

— Өңірлер орталық комиссияға дауыс беру нәтижелерін 2 күнде жинап, жеткізуі керек. Орталық комиссия референдумның нәтижелерін жеті күн ішінде бекітіп, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауы тиіс.

Жалпы Қазақстанда АЭС салу мәселесі Тоқаевтың былтырғы жолдауында айтылған болатын. Сол жолы атом энергетикасының экономикалық және саяси тұрғыдан ерекше маңызды екенін атап өткен болатын.

«Кешегі Жолдауында да АЭС тақырыбына жеке тоқталып, энергия тапшылығы күшейіп бара жатқанын, бізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет екенін айтыпты. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Қалай десек те, бұл маңызды шешімді халық қабылдайды», — деп жазды заңғер Ляззат Ахатова.