"АЭС-ті 30 жыл бұрын салу керек еді": Қазақстан электр энергиясының тапшылығын қатты сезініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АЭС-ті 30 жыл бұрын салу керек еді": Қазақстан электр энергиясының тапшылығын қатты сезініп отыр

"АЭС-ті 30 жыл бұрын салу керек еді": Қазақстан электр энергиясының тапшылығын қатты сезініп отыр

Қазір халыққа АЭС-ке мұқтаж екенімізді түсіндіруіміз керек.

  • 23 Тамыз
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан атом электр станциясын салуды бастап кетті. Біз талдап, талқылап, АЭС-тың байыбына бара алмай шулап жүрміз, деп жазды журналист Оңғар Қабден. Сaravan.kz медиа порталы толық тарқатады.

Өзбекстан АЭС-ті салып, ертең соны бізге «сатып алыңдар» деп ұсыныс айтып тұрса, таңқалмаңыздар.

Жақында ғана біраз жұрт «өзбектерден қалып кеттік» деп атой салды. Энергияны өзбектерден сұрап алақан жайып отырған кезде артта қалғанның нағыз көрсеткіші сол болады. Бұл жағдай бидайдың ортасында отырып, көрші елден нан сатып алғанмен бірдей.

Энергия мен су тапшылығы мәселесі бізді айналып өткен жоқ. Нарық заңдылығына сәйкес тапшылық туындаса, бағаның шарықтап кететін әдеті емес пе. Қымбатшылық халықтың қалтасын қағатыны түсінікті. Сондықтан арзан әрі тұрақты энергия керек-ақ. Оның үстіне халық саны жылдан жылға өсіп жатыр. Сәйкесінше энергия тұтыну көлемі де алдағы уақытта арта береді деген сөз.

Естеріңізде болса, қақаған қыста Екібастұзда халық жылусыз қалды. Оның себебі ЖЭС әбден тозығы жеткен. Қолдануға жасамсыз. Тұрақты әрі ұзақ жылға қызмет ете алмайды. Олардың алмастыратын уақыт келді. Қазір халыққа АЭС-ке мұқтаж екенімізді түсіндіруіміз керек.

Экономиканы әртараптандырамыз, өндіріс орындарын саламыз деп жоспар құрып отырмыз. Оған да электр энергиясы керек. Тіпті, өндірісте энергия тұтыну көлемі 2-3 есе көп болады. Сондықтан экономиканы дамытуды энергетика саласынан бастау қажет.

Күзде референдум өтетінін бәріміз білеміз. Бұл — азаматтық қоғамды дамыту және демократиялы қоғамның дамуына жол ашатын негізгі қадам. Сол үшін халыққа дұрыс ақпарат беру маңызды. Адамдар елдегі тапшылықты және АЭС-тің артықшылықтары туралы білуі керек. Сонда ғана дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймын.

АЭС ерте ме кеш пе сөзсіз салынады. Мәселе кім салғандығында!