АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға қалай әсер етеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға қалай әсер етеді?

АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға қалай әсер етеді?

АЭС-тің экономикаға әсері, жарық бағасына әсері, экологияға әсері, сол өңір халқының әлеуметтік жағдайына әсері және басқа мысалдарды сандармен келтіріп отырса, түсінікті бола түсер еді.

  • 23 Тамыз
  • 29
Фото: ашық дереккөз

Мұхтар Жәкішевтің АЭС салуға қатысты қолдаған видеосы тараған еді. «АЭС түбі саламыз, онсыз болмайды» деген еді. Енді Гиперборейге сұхбат беріпті. Толығырақ саясаттанушы Асхат Қасенғали тарқатып берді. Оның айтуынша, АЭС салуды қолдау не қолдамау саясатын ұстанбас үшін, фактілерге сүйенген дұрыс, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қарашығанақ, Теңіз, Қашағанда үш газ электр станциясын салу қажет дейді. Бірақ Кегоктың статистикасына қарасаңыз, біздің елдегі тапшылық оңтүстік өңірде екенін көресіз. Халық көп дегендей. Керісінше, солтүстік пен батыс өңірде энергетика профициті бар. Оның үстіне, батыстағы электр станцияларының басым бөлігі онсыз да газбен жұмыс істеп тұр.

Ал оңтүстікте ше? Ол жақта негізінен көмір мен мазут жағады. Батыс пен Оңтүстікті жалғайтын электр желісі де жоқ деген ақпарат бар. Ендеше Мұхтар Жәкішевтің ұсынысы артық энергияны өндірсе де, дефицитті шешпейтін сияқты ғой. Яғни Түркістан, Жамбыл облыстарына жетпейтін тоқ солтүстіктен әкелінеді не Қырғызстаннан сатып алынады.

«Кезінде Мұхтар мырза АЭС салу керек деп жүр еді. Пікірін өзгертіп жіберіпті. Мұхтар Жәкішевтің сол «АЭС керек» деген пікіріне қарап ой түйген едім. Не үшін пікірін өзгерткенін түсінбедім. Сол пікірі де, қазіргі пікірі де интернетте тұр. Мүмкін алдағы бір сұхбаттарда бұл жайлы айта жатар», — деп жазды маман.

АЭС туралы пост жазып жатқандар тың, қызық деректерді қолданбайтынына таңмын. Сәл-пәл ізденіп жіберсеңіз, қызық деректерді табуға болады. Сонда сөзіңіз өтімді әрі аргументіңіз жалаң сөзден, эмоциядан ғана құралмайды.

НАСА түрлі зерттеу жасайды, тек қана ғарыш әлемі деп ойлап қалмаңыз. Соның ғалымдары 2013 жылы үлкен зерттеу жүргізіпті. АЭС-тің салынуы қоршаған ортаға қалай әсер етеді деген тақырыпта. Сонымен зерттеуге сүйенсек, 1971 жылдан 2009 жылға дейін атом реакторлары 64 гигатонна көмірқышқыл газының атмосфераға тарауына жол бермепті. Сөйтіп АЭС салынбағанда реакторларда өндірілген тоқты қамтамасыз ететін энергияны шығару үшін көмір жаққанда қалай болар еді деп есептеген ғой. Қорытындысында 1,84 миллион адамның өмірі сақталып қалғанын жазады.

Тағы бір зерттеуде баламалы энергия көздерінде болған апаттарда неше адам өлетінін санап шығады. Мақалаға сүйенсек, атом реакторларындағы адам өлімі саны ең аз болған. Оны қалай есептеген? Мысалы, жел турбинасына ұшақ соғысса, панель орнату кезінде адам құлап кетіп мерт болса, онда осы энергия көзінің себебінен өлген деп есептелген.

«Бұны не үшін жазып отырсыз» дейтін шығарсыз. Өйткені мен АЭС-ке қатысты түсініктің болуын қалаймын. Біздің АЭС-ке қатысты түсінігіміз қарсылардың «АЭС салынса атылып кетеді» немесе қолдайтындардың «АЭС салынса барлық тапшылық шешіледі» деген аргументтерден сәл алшақтап, ғылыми фактілерге қарай жылжи түссе, сонда түсінікті болады деп ойлаймын. Оның экономикаға әсері, жарық бағасына әсері, экологияға әсері, сол өңір халқының әлеуметтік жағдайына әсері және басқа мысалдарды сандармен келтіріп отырса, түсінікті бола түсер еді. Әлбетте, қолдау/қолдамау әр адамның жеке түсінігі. Өз басым АЭС қажет деп ойлаймын, бірақ жеке көзқарасымды сізге тықпаламаймын. Тек парақшамда аргумент, факті, қандай да бір зерттеу деректерін ұсынамын», — деді Асхат Қасенғали.