Айгүл Иманбаева алғаш рет күйеуімен неке қию сәтін көрсетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева алғаш рет күйеуімен неке қию сәтін көрсетті (ВИДЕО)

Айгүл Иманбаева алғаш рет күйеуімен неке қию сәтін көрсетті (ВИДЕО)

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің жеке өміріндегі ерекше видеоны көрсетті.

  • 2 Қыркүйек
  • 93
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол жолдасымен неке қию рәсімінде түсірілген видеоны алғаш рет көпшілікке көрсетті. 

«Бұл – неке қию сәті. Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкемнің бұл дүниеде жоқ болғандықтан әкемнің орнына аманаттап мені жолдасыма ұлым тапсырды», — деді әнші.

Бағдарлама барысында Айгүл Иманбаева жолдасының есімі Ерлан екенін, ұлының оған тұрмысқа шығуға еш қарсылық білдірмегенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол енесінің әнші екенін де айтты. Айгүл Иманбаева бүгінде «Айгүл» ансамблінің алғашқы солистерінің бірі Ақжан Жайсанбаеваның келіні екен. Бағдарламада әртістің енесімен бірге ән салып тұрған видеосы да көрсетілді.