Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірлесіп дүркіретіп той өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 524.24
  • 612.94
+35 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірлесіп дүркіретіп той өткізді

Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуімен бірлесіп дүркіретіп той өткізді

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге дүркіретіп той өткізді.

  • 27 Маусым
  • 78
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Ал достар той басталды, керемет кештің куәсі болыңыздар», — деді әнші.

Той төрінде әншінің ұлы мен келінінің және немересінің есімі жазылып тұрды. Желіде жарияланған видеода әншінің ең жақындары, туыстары мен әріптестері жиналғанын көруге болады.

Тойда Айгүл Иманбаеваның анасы мен бұрынғы енесі мен қазіргі енесі қатар тұрып тілек айтты.

Иманбаеваның қазіргі күйеуі той төрінен табылмады. Алайда видеоқоңырау шалып, той иелерін қуаныштарымен құттықтады.