Айтулы шараға аңыз ақсақалдың өзі келіп қатысты. Ал, екі бөлімнен тұратын драма бір отбасының ғана емес, бүкіл халықтың басына түскен нәубетті бейнелеген. Сталиндік құғын-сүргін кезінде Мұртаза «халық жауы» атанып, жары Айшаға үш баласын аманат етіп кетеді. Одан кейін соғыс басталып, боздақтардан қара қағаз келіп, елде қалғандар адам төзгісіз қиындықтардан өтеді. Солардың бел ортасында жүрген жесір әйел аштық, шарасыздықпен қатар, қорқаулардың қорлығын да көреді. Көременге ой салатын туынды жалғыз Айшаның ғана емес, бүкіл бір елдің тағдыры.
Тұңғышбай Әл-Тарази, қоюшы режиссер:
– Адам мен адам бірін бірі түсінбестіктен туған соғыстардың кезінде қарапайым халықтың көретін қорлығы мен ішкі запыранын және армандардың қиылуы, жастардың жетім, әйелдердің жесір қалуы деген сияқты жағдайлардың себеп-салдарын іздеуге, соған сұрақ қоюға арналған спектакль.