Ай Жерге бұрынғысынан қатты жақындай түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ай Жерге бұрынғысынан қатты жақындай түсті

Ай Жерге бұрынғысынан қатты жақындай түсті

2017 жылдың ішінде Ай алғаш рет осы дүйсенбі күні Жерге әдеттегіден қаттырақ жақындай түсті.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 200
Фото - Caravan.kz

Екеуінің ара-қашықтығы — 357 мың 495 километр болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Өткен дүйсенбі күні Жер шары тұрғындары Айдың 14%-ға үлкен және 30%-ға жарық болған сәтін бақылады. Орташа есеппен Ай Жерден 380 км қашықтықта орналасқан. Ауа райының бұлтты болуы салдарынан Мәскеу тұрғындары айдың толық тұтылуын бақылай алмады.

«Желтоқсандағы оқиға айдың қатты тұтылу кезеңінің бастауы болды. Қаңтар айында да ай екі рет қатты тұтылады. Айдың жыл сайын тұтылатыны белгілі. Бірақ, перигея мен айдың тұтылуының бір уақытта болуы сирек», — делінген планетарий хабарламасында.

2018 жылдың 2 қаңтарында ай тұтылады деп күтілуде. 2018 жылы 31 қаңтарда болатын айдың қатты тұтылуы мен толық тұтылуы қатар келіп отыр. Оны басынан аяғына дейін Таяу Шығыс тұрғындары бақылай алады. Кей фазасын Мәскеуде бақылауға болады.